Мақалалар
Исламдағы қонақ күту әдебі
      <description>Аманкелді Жарасов Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы «Байжігіт баба» мешітінің бас имамы</description>
Исламдағы қонақ күту әдебі
Исламдағы қонақ күту әдебі 
Исламда жемқорлық туралы не айтылған?
      <description>Бауыржан қажы Нығызбекұлы  Шығыс Қазақстан облысы  «Өскемен орталық мешітінің» бас имамы</description>
Исламда жемқорлық туралы не айтылған?
Исламда жемқорлық туралы не айтылған?.
Исламда дәстүр туралы не айтылады?
      <description>ИбраҺим қажы Қарнақбайұлы, Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы «Мұхамади» мешітінің бас имамы</description>
Исламда дәстүр туралы не айтылады?
Исламда дәстүр туралы не айтылады?
Ауылыңда қарт болса жазып қойған хатпен тең
      <description>Дәулет Қабидолдин                                             Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің найб имамы</description>
Ауылыңда қарт болса жазып қойған хатпен тең
Құранның шарапаты
      <description>Бауыржан қажы Нығызбекұлы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы«Аблакетка мешітінің» бас имамы</description>
Құранның шарапаты
Ағайын бірлігі-бақыт бастауы
Ағайын бірлігі-бақыт бастауы
Шығыс Қазақстан облысы
Бата бере білесіз бе?
Бата бере білесіз бе?
Шығыс Қазақстан облысы
«Аблакетка» мешітінің бас имамы
Шыншылдық туралы исламдағы тағылымдар
Шыншылдық туралы исламдағы тағылымдар
Қоғамның үнсіз қасіреті: “ставка” мен құмардың  тұзағында қалған ұрпақ
      <description>Бүгінгі қоғамда көзге көрінбейтін, бірақ
мыңдаған отбасының шаңырағын шайқалтып жатқан үнсіз апат бар. </description>
Ислам және отбасы құндылықтары
      <description> Ислам дінінде отбасы бірлігіне айырықша маңыз берген. Отбасы- исламда баға жетпес құндылықтар ретінде әспеттеледі. </description>
Ислам және отбасы құндылықтары
Иманның кілті-Ислам
      <description>Асыл дініміз Исламның құндылықтар бейне
сарқылмас бір бұлақ іспетті. </description>
Иманның кілті-Ислам
Шығыс Қазақстан облысы
Сабырлы жетер мұратқа
      <description>Сабырлы болу адам бойындағы ең бір ізгі тамаша қасиеттердің бірі. </description>
Сабырлы жетер мұратқа
Шығыс Қазақстан облысы
Ысырап жайлы Исламда не айтылған?
      <description>Қазақ халқы әр нәрсенің қадірін жете білген. Бабаларымыз «Барға қанағат, жоққа сабыр» деп тәуба етіп, Алла берген ырыздық, несібесін қанағат етіп келген. </description>
Ысырап жайлы Исламда не айтылған?
Шығыс Қазақстан облысы
Қашанда қариялар қазыналы...
      <description>Қазақ халқы ежелден үлкенді сыйлап, айырықша құрметтеп келген. «Ауылыңда қарт болса жазып қойған хатпен тең» деген аталы сөз бар. </description>
Қашанда қариялар қазыналы...
Берекет-несібеде, несібе-еңбекте.
      <description> «Адал еңбекпен мал іздемек арлы адамның ісі»,
деп бабаларымыз еңбек етудің маңыздылығына терең тоқталған. </description>
Берекет-несібеде, несібе-еңбекте.
Шығыс Қазақстан облысы 
ИСРА ЖӘНЕ МИҒРАЖ ОҚИҒАСЫНЫҢ САБАҚТАРЫ
      <description>Ережеп айында қасиетті түн бар. Ол – Миғраж түні. Көпшілік ғалымдар Исра және Миғраж оқиғасы Ережеп айының 26-сынан 27-сіне қараған түні болатынына тоқтайды. </description>
ИСРА ЖӘНЕ МИҒРАЖ ОҚИҒАСЫНЫҢ САБАҚТАРЫ
Ислам және денсаулық
      <description>Қазақ халқында «Дені саудың жаны
сау», немесе «Денсаулық зор байлық» деген нақыл сөздер бар. Халқымыз денсаулықты аса қадірлей білген. 
Ислам және денсаулық
Қазақ халқында «Дені саудың жаны сау», немесе «Денсаулық зор байлық» деген нақыл сөздер бар. Халқымыз денсаулықты аса қадірлей білген.
Шығыс Қазақстан облысы
Ар, намыс жайлы исламда не айтылған
      <description>Ар, намыс дегеніміз барлығынан да биік ұғымдар. Қазақ халқы «Малым - жанымның садағасы, жаным - арымның садағасы» деп ар, ұят мәселесін жаннан да биік қойған.  </description>
Ар, намыс жайлы исламда не айтылған
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы
«Мұхамади» мешітінің бас имамы
Әке – тірегің, ана – жүрегің
      <description> Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке есінен шығармауында. </description>
Әке – тірегің, ана – жүрегің
Шығыс Қазақстан облысы,
бас имамы
Исламда жолаушы деп кімді айтады?
      <description> Қазақ халқы жолаушыны аса құрметтеген. Жолаушы жүрген адам кездессе оны үйіне әкеп шай беріп, ат-көлігін жайлап, көмектесіп отырған. </description>
Исламда жолаушы деп кімді айтады?
Шығыс Қазақстан облысы 
Ораза – бес парыздың бірі
      <description>Ислам діні адам баласын рухани тазалыққа, сабыр мен тақуалыққа тәрбиелейді. Сол ұлы тәрбиенің ең маңызды амалдарының бірі – ораза. </description>
Ораза – бес парыздың бірі
Жарапазан айтудың маңызы мен себебі
      <description>Қазақ халқының рухани дүниетанымында Ислам дінімен біте қайнасқан салт-дәстүрлер аз емес. Соның бірі қасиетті Рамазан айында айтылатын жарапазан.</description>
Жарапазан айтудың маңызы мен себебі
ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
      <description>ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!</description>
ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ РАМАЗАН АЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
      <description>МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ РАМАЗАН АЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ</description>
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ РАМАЗАН АЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Өңір халқын құттықтау
      <description>Өңір халқын құттықтау
Өңір халқын құттықтау
Садақа  иманның айнасы
      <description>Ислам дінінде садақа адамның Аллаға деген шынайы иманының, қоғамға деген жауапкершілігінің көрінісі. </description>
Садақа  иманның айнасы
Рамазан айы-сарқылмас сауаптың кәусары
      <description>Ұлы Жаратушы Алла Тағаланың адамға әмір еткен бес парызының бірі- Ораза. Ораза өз берекетімен, жақсылығымен келеді. </description>
Рамазан айы-сарқылмас сауаптың кәусары
Шығыс Қазақстан облысы
Отбасы құндылығы және ислам
      <description>Әр жанұяның алтын бесігі, аялы ордасы ол отбасы екендігі даусыз.
Отбасы құндылығы және ислам
 Аманкелді Жарасов
Шығыс Қазақстан облысы 
Тарбағатай ауданы 
«Байжігіт баба» мешітінің бас имамы
Ұрпақ тәрбиесі-ұлағатты парыз
      <description>Ұрпақ тәрбиесіне қазақ халқы
қашанда бей-жай қарамаған. Халқымызда ғасырлар бойы қалыптасқан бала
тәрбиесінің озық үлгісі бар. 
Ұрпақ тәрбиесі-ұлағатты парыз
Ұрпақ тәрбиесіне қазақ халқы қашанда бей-жай қарамаған. Халқымызда ғасырлар бойы қалыптасқан бала тәрбиесінің озық үлгісі бар.
Шығыс Қазақстан облысы
Алғыс айтудың маңызы қандай?
Алғыс айтудың маңызы қандай?
Дәулет Қабидолдин
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің найб имамы
Қанағат түбі-берекет
      <description>Халқымызда «Қанағатты қарын тойғызар» дегн қанатты сөз бар. Қанағат дегенміз барға шүкір ету мен жоқа сабыр ету деген сөз.
Қанағат түбі-берекет
Аманкелді Жарасов, 
Шығыс Қазақстан облысы
Тарбағатай ауданы «Байжігіт баба» мешітінің бас имамы
ТАБИҒАТ – ОРТАҚ ҮЙІМІЗ
      <description>Ислам діні – тазалыққа негізделген дін. Шариғатта құлшылық жасайтын адамның өз тазалығына ғана емес, ғибадат орнының, сондай-ақ қоршаған ортаның тазалығына да ерекше мән беріледі. </description>
ТАБИҒАТ – ОРТАҚ ҮЙІМІЗ
Шығыс Қазақстан облысы