Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында Мәуліт мерекесіне орай ұлттық спорт түрлерін дәріптеу мақсатында садақ ату сайысы ұйымдастырылды. Шараны Риддер қалалық «Д.Қонаев» мешіті өткізді.
Жарысқа жамағат белсене қатысып, мергендік қабілеттерін сынады. Нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, оларға арнайы сыйлықтар мен марапаттар табысталды.
Сайыс соңында Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының бас имамы Үмітбек Тасқынбекұлы жеңімпаздарды құттықтап, Мәуліттің мән-маңызына тоқталып, жамағатқа игі тілектерін жеткізді.
Шығыс Қазақстан облыстық “Халифа Алтай” мешітінің баспасөз қызметі