Жаңалықтар

Сарбаздармен сұхбат

2026-02-03 16:20
27943 әскери бөлімінің 1-ші мотоатқыштар батальонының сарбаздарымен маңызды рухани-тәрбиелік кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Әл-Фараби мешітінің наиб имамы Тұрымтай Ерқанат қатысып, сарбаздармен мазмұнды сұхбат жүргізді.
Кездесу барысында өз-өзіне қол жұмсаудың ауыр зардаптары, өмірдің баға жетпес құндылығы, сондай-ақ Отан алдындағы борыш пен жауапкершілік тақырыптары кеңінен қозғалды. Имам өмірдің Алла берген аманат екендігін, қандай қиындық болса да үмітті жоғалтпай, сабыр мен сенім арқылы еңсеру керектігін атап өтті.
Сонымен қатар, әрбір әскери қызметшінің ел тыныштығын қорғаудағы рөлі, ата-ана мен туған жер алдындағы жауапкершілігі, бірлік пен бауырмалдықтың маңызы ерекше айтылды. Сарбаздарға рухани тұрақтылықты сақтау, қиын сәттерде ішкі күйзелісті жалғыз еңсермей, өзара қолдау мен кеңеске жүгінудің маңыздылығы түсіндірілді.
Кездесу соңында сарбаздар көкейдегі сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды. Мұндай рухани-тәрбиелік шаралар әскери қызметшілердің адамгершілік құндылықтарын нығайтып, патриоттық рухын арттыруға үлкен үлес қосады.