ҚМДБ Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігіне қарасты «Qamqor-Sharapat» орталығының ұйымдастыруымен «Өткенге құрмет-тіріге міндет» атты игі акция өтті.
Шара туралы «Qamqor-Sharapat» орталығының өкілі:
«Біздің мақсат өткенге құрмет көрсетіп, ұрпаққа өнеге қалдыру. Мұндай тазалық шаралары рухани мәдениетімізді, жауапкершілік пен бірлікті арттырады. Зиратты таза ұстау имандылықтың, ізеттіліктің белгісі» деп атап өтті.
Бұл игі іс марқұмдарға құрмет көрсетіп, қоғамда қайырымдылық пен имандылық құндылықтарын насихаттауға бағытталды. Тазалық жұмыстарына облыстық және қалалық мешіттердің қызметкерлері қатысты. Шара барысында Өскемен қаласы Мұсылмандар зиратына тазалық жасалып, қоқыстары шығарылды.
Шығыс Қазақстан облыстық “Халифа Алтай” мешітінің баспасөз қызметі.