ЖАНТ бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің ұстазы Қонысбек Манарбек пен Ұлан ауданы «Мұса баба» мешітінің ұстазы Аманкелді Қалымов Күршім ауданына іссапармен барды.
Сапар барысында аудандық және ауылдық мешіттердің имамдарынан біліктілік сынағы алынып, олардың діни білім деңгейі мен қызмет сапасы бағаланды.
Сынақ жұмысы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен бағдарламаға сәйкес өткізіліп, имамдардың Құран оқу, фиқһ, ақида және уағыз жүргізу бағыттарындағы дайындықтары тексерілді. Нәтижесінде қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
Іс-шараның басты мақсаты — діни қызмет сапасын арттыру, имамдардың кәсіби шеберлігін жетілдіру және жамағатпен жұмыстың тиімділігін күшейту.
Кездесу соңында ұстаздар имамдарға әдістемелік кеңестер беріп, діни ағарту ісінде бірізділікті сақтау мен жауапкершілікті арттырудың маңыздылығын атап өтті.
📍 Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі