Қазақ халқының рухани дүниетанымында Ислам дінімен біте қайнасқан салт-дәстүрлер аз емес. Соның бірі қасиетті Рамазан айында айтылатын жарапазан. Жарапазан тек қана өлең немесе ойын-сауық емес, ол уағыз, бата, дұға және ізгі тілекке негізделген халықтық діни мұра.
Жарапазан айту арқылы халық Рамазан айының қадір-қасиетін дәріптеп, ауыз бекіткен жандарға тілек білдіріп, берекеге шақырған.
Жарапазанның діни негізі
Алла Тағала Құран Кәрімде:
«Ей, иман келтіргендер! Сендерге ораза парыз етілді. Бұрынғыларға парыз етілгендей, бәлкім тақуалыққа жетерсіңдер»(Бақара сүресі, 183-аят)
Бұл аятта оразаның басты мақсаты тақуалық, яғни Алладан қорқу, рухани тазару екені айтылады. Жарапазан – осы тақуалықты халыққа өлеңмен жеткізудің бір жолы.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) хадисінде:
«Кім бір жақсылыққа себепкер болса, соны істегендей сауап алады» (Мүслім риуаят еткен)
Жарапазан айту адамдарды оразаға, қайырымдылыққа, берекеге шақыру. Демек, жарапазаншы да өзгелерге жақсылыққа себепкер болып, сауапқа кенеледі.
Жарапазанның айтылу себебі
Жарапазанның бірнеше маңызды себебі бар:
Рамазан айының келгенін жариялау
Бұрынғы кезде күнтізбе, ақпарат құралдары болмағандықтан, жарапазан халыққа қасиетті айдың басталғанын жеткізген.
Ауыз бекіткен жандарға тілек айту
Үй иесіне бата беріп, дұға жасаужарапазанның негізгі мақсаты.
Қайырымдылыққа үндеу
Жарапазан айтқан жастарға садақа беру сауапты іс саналған.
Ұрпаққа діни тәрбие беру
Балалар жарапазан айту арқылы Рамазанның мәнін, Алланы еске алуды үйренген.
Жарапазаннан үзінді және талдау
Жарапазан үлгісі:
Жарапазан, жарапазан,
Рамазан келді жарапазан.
Оразаң қабыл болсын деп,
Айтып жүрміз жарапазан.
Бұл шумақта Рамазан айының келуі қуаныш ретінде сипатталады. «Оразаң қабыл болсын» деген сөз дұға. Демек, жарапазан тек тілек емес, тілмен жасалған ғибадат.
Тағы бір үлгі:
Берекелі болсын үйіңіз,
Дәулет қонсын күйіңіз.
Ұстаған оразаңызға,
Алла берсін сыйыңыз.
Мұнда үй иесіне береке, ризық, Алланың сыйы тілінеді. Исламда дұғаның ең көркем түрі өзгеге тілек тілеу. Жарапазан осы сүннетке сай келеді.
Ғұламалардың нақыл сөзі
Имам Ғазали (р.а.):
«Дін жүрекпен сезіліп, тілмен көркем түрде жеткізілгенде ғана халыққа әсер етеді»
Жарапазан дәл осы қағиданың айқын көрінісі. Ол дінді халықтың жүрегіне жақын тілмен жеткізген.
Қорытынды
Жарапазан қазақ халқының Ислам өркениетімен үндескен рухани қазынасы. Ол:
Рамазан айын ұлықтайды;
Оразаның қадірін арттырады;
Қайырымдылық пен бауырмалдыққа шақырады;
Ұрпақ санасына имандылық дәнін себеді.
Бүгінгі күні жарапазан дәстүрін жаңғырту дінді дәріптеу мен ұлттық құндылықты сақтау жолындағы маңызды қадам. Бұл сахна үшін емес, сауап үшін айтылатын аманат дәстүр.
Алла Тағала ұстаған оразаларымызды қабыл етіп, елге береке, жүрекке иман нәсіп етсін!

Біржан Қабылахметұлы
Өскемен қалалық "Защита" мешітінің бас имамы