Жаңалықтар

Зекет туралы семинар өтті

Өскемен қалалық «Әл-Фараби» мешітінде «Зекеттің маңызды мәселелері» атты семинар ұйымдастырылды. Шараны «Зекет және қайырымдылық» қорының ШҚО өкілдігі өткізіп, жиынға өңірдің дін қызметкерлері мен сала мамандары қатысты.

Семинар барысында «Зекет және қайырымдылық» қорының ШҚО өкілі Маралхан Досанов:

«Бүгінгі жиынның мақсаты – Зекет саласы бойынша дін қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу, зекет берудің шариғи үкімдерін таныстыру және қайырымдылық жасаудың маңызын насихаттау», – деп атап өтті.

Сонымен қатар ол зекет берудің шариғи үкімдері туралы жан-жақты түсіндіріп, зекет жинау бағытында кең көлемді әдістемелік ақпараттар ұсынды.

Жиында қазіргі таңда зекет мәселесіне қатысты халықтың діни сауаттылығын арттыру, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту және осы бағыттағы қызметті жүйелеу мәселелері талқыланды.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі