Күршім ауданы әкімдігінде өңірдегі діни ахуалдың қазіргі жағдайы мен өзекті мәселелері талқыланған жиын өтті.
Басқосуға Шығыс Қазақстан облыстық дін істері басқармасының басшысы Жанат Жұмағазықызы,
«Шығыс Қазақстан облысының дін мәселелерін зерттеу орталығы» жетекшісі Нұржан Ерболатұлы, орталықтың теологы Берік Кәдірұлы,
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы, ЖАНТ мүшесі Дәулет Қабидолдин, сондай-ақ аудандық ішкі саясат бөлімінің мамандары, ақсақалдар кеңесінің мүшелері, жастар және қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.
Жиында діни тұрақтылықты сақтау, радикалды идеологияның алдын алу және халықтың діни сауаттылығын арттыру бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар сараланды. Сонымен қатар, имамдар мен жергілікті билік арасындағы ынтымақтастықты күшейту, жастарды ұлттық және рухани құндылықтарға тәрбиелеу мәселелері де кеңінен қаралды.
Өз сөзінде Дәулет Қабидолдин қоғамдағы діни бірліктің маңыздылығына тоқталып, мешіттер мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара қолдаудың үлгісін көрсетті.
Жиын соңында қатысушылар діни ахуалды тұрақты ұстау және қоғамдағы рухани келісімді сақтау үшін бірлесіп жұмыс істеудің маңызын атап өтті.
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі