Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігінде жыл қорытындысына арналған жиын өтіп, дін саласында белсенді қызмет еткен үздік мамандар марапатталды.
Жиын барысында ҚМДБ ШҚО Бас имамы Думан Нәдірұлы сөз сөйлеп, дін қызметкерлерінің қоғамдағы орны мен жауапкершілігіне тоқталды.
«Бүгін біз бір жыл бойы тынымсыз еңбек етіп, елге қызмет еткен дін саласының үздіктерін марапаттап отырмыз. Имамның, ұстаздың, уағызшының еңбегі көзге көрінбейтін, бірақ халықтың жүрегіне жол табатын қасиетті қызмет. Бұл марапат жеке жетістік қана емес, өңірдегі барша дін қызметкерлерінің ортақ еңбегінің жемісі. Алдағы уақытта да ҚМДБ белгілеген бағыт-бағдар аясында бірлікпен қызмет ете береміз. Алла Тағала еңбектеріңізге береке берсін», — деді Бас имам.
Жыл қорытындысы бойынша:
«Үздік қала имамы» — Өскемен қалалық «Защита» мешітінің бас имамы Біржан Қабылахметұлы;
«Үздік аудан имамы» — Зайсан ауданының бас имамы Теңлікбек Ақмадяр;
«Үздік уағызшы» — ШҚО облыстық «Халифа Алтай» мешітінің ұстазы Манарбек Қонысбек;
«Үздік ұстаз» — Өскемен қалалық «Мұхамади» мешітінің ұстазы Арман Рахымбекұлы;
«Үздік наиб имам» — Тарбағатай ауданы «Байжігіт баба» мешітінің наиб имамы Руслан Бекетұлы атанды.
Айта кетейік, үздіктерді ҚМДБ Шығыс Қазақстан облыстық өкілдігінің жанынан құрылған арнайы комиссия бекітілген критерийлер негізінде анықтады. Жеңімпаздарға марапатты ШҚО бас имамы Думан Нәдірұлы салтанатты түрде табыс етті.

Шығыс Қазақстан облыстық
"Халифа Алтай" мешітінің баспасөз қызметі.