Жаңалықтар

Облыстық мешіт көрме ұсынды

2026-03-22 23:33
Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы қарсаңында Өскемен қаласының орталық алаңында кең көлемді мерекелік шара ұйымдастырылды. Аталған игі шараға облыстық "Халифа Алтай" мешіті белсене қатысып, алты қанат ақ орда тігіп, ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттады.

Киіз үйдің ішкі безендірілуі мен мазмұндық көрінісі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қонақтарға қазақ халқының бай мұрасы кеңінен таныстырылды. Нәтижесінде облыстық мешіттің киіз үйі үздік деп танылып, арнайы марапатқа ие болды.

Сонымен қатар шара аясында ҚМДБ-ның «Мүфтият» баспасынан жарық көрген жаңа кітаптардың көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Көрмеде діни-танымдық, рухани-ағартушылық бағыттағы еңбектер таныстырылып, келушілерге кеңінен насихатталды.

Бұл бастама ұлттық құндылықтарды дәріптеп, рухани әдебиеттерге деген қызығушылықты арттыруға үлкен үлес қосты.

Шығыс Қазақстан облыстық "Халифа Алтай" мешітінің баспасөз қызметі.