Жаңалықтар

Риддерде мәуліт өтті

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық «Д.Қонаев» мешітінің ұйымдастыруымен Мәуліт мерекесіне арналған «Адамзаттың абзалы» атты рухани кеш өтті.

Шара барысында пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) өнегелі өмірі мен мұсылман қауымға қалдырған асыл мұрасы жайында уағыз-насихат айтылды. Қатысушыларға арнап салауаттар айтылып, тағылымды көріністер ұсынылды.

Мәуліт мерекесі жамағатты имандылыққа, бірлікке, сүйіспеншілік пен ізгілікке үндеді.

Шығыс Қазақстан облыстық “Халифа Алтай” мешітінің баспасөз қызметі.