Жаңалықтар

"Орамал-әйелдің сәні"

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде өкілдіктің әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен орамал тақырыбына арналған "Орамал-әйелдің сәні" атты рухани-танымдық іс-шара өтті. Шарада сөз алған ҚМДБ ШҚО бас имамы Думан Нәдірұлы: "Бұл
іс-шараны әйелдер мен қыз-келіншектерге орамалдың исламдағы орны, оның рухани, тәрбиелік және мәдени маңызын түсіндіру, сондай-ақ ұлттық және діни құндылықтарды насихаттау мақсатында ұйымдастырып отырмыз. Мұсылман әйелдер үшін орамал имандылық пен ибаның, әдептің белгісі" деп атап өтіп, орамалдың ар-ұят пен имандылықтың белгісі екені, оның мұсылман әйелінің көркем мінезі мен әдебін айқындайтыны жөнінде жан-жақты тарқатып айтты.
Шарада сонымен қатар, қазіргі қоғамдағы орамалға қатысты көзқарастар мен сұрақтар талқыланып, қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Іс-шараны әйел-қыздар секторының жетекшісі Айзат Амирханова жүргізіп, тақырып аясында тағылымды насихат айтып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Кездесу соңында жамағатқа рухани кеңестер беріліп, осындай пайдалы іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасатыны атап өтілді.

Шығыс Қазақстан облыстық "Халифа Алтай" мешітінің баспасөз қызметі.
Made on
Tilda