Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шығыс Қазақстан облысы имамдарының жылды қорытындылауға арналған жиыны өтті. Басқосуда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің тапсырмалары мен бағдарлық баяндамасында айқындалған міндеттердің орындалуы кеңінен талқыланды.
Шығыс Қазақстан облысының бас имамы Думан Нәдірұлының төрағалығымен өткен жиында облысқа қарасты қала және аудан имамдары жыл бойы атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, діни-ағартушылық, рухани және әлеуметтік бағытта жүзеге асқан шаралар жөнінде баяндады. Сонымен қатар қайырымдылық акциялары, әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар мен діни білім беру курстарының нәтижелері айтылды.
Жиын барысында қала және аудан имамдарының жұмыс есептері тыңдалып, атқарылған істерге жан-жақты сараптама жасалды. Бас имам өз сөзінде имамдардың қоғам алдындағы жауапкершілігіне тоқталып: «Имам тек мешіт ішінде ғана емес, қоғам алдында да үлкен жауапкершілік арқалайтын тұлға. Халықтың діни сауатын арттыру, жат ағымдардың алдын алу, жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру біздің басты міндетіміз. Биыл атқарылған жұмыстар аз емес, алайда алда да жүйелі ізденіс пен бірлікте қызмет ету қажет. Алдағы уақытта ҚМДБ белгілеген бағдарлық міндеттер аясында рухани-танымдық жұмыстарды күшейтіп, жамағатпен байланысты одан әрі нығайта береміз» деді.
Жиында мешіттердің қызметін ұйымдастыру, жамағатпен жұмыс жүргізу, діни сауаттылықты арттыру, жастармен өткізілген тәрбиелік іс-шаралар, қайырымдылық және уағыз-насихат бағытындағы жұмыстардың нәтижелері талқыланды. Сонымен қатар мешіт қызметін жүйелеу, кадрлық әлеуетті арттыру, жат ағымдардың алдын алу және халықтың діни сауаттылығын көтеру мәселелеріне де ерекше назар аударылды.
Жиын соңында алдағы жылға арналған жоспарлар пысықталып, қала және аудан имамдарына нақты міндеттер жүктелді.
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі.