Өскемен қаласындағы "Әл-Фараби" мешітінде ЖАНТ (Жергілікті ақпараттық насихат тобы) мүшелерінің қатысуымен жиын өтті. Басқосуға ЖАНТ құрамындағы дін қызметкерлері қатысты. Жиында ҚМДБ Шығыс Қазақстан облысының бас имамы Думан Нәдірұлы 2025 жылғы ЖАНТ жұмысының қорытындысын жасап, алдағы кезеңдегі негізгі бағыттарды атап өтті. «ЖАНТ жамағатпен тікелей жұмыс істейтін маңызды бағыт. Өткен жылы өңірде бірқатар нәтижелі іс-шаралар атқарылды. Биыл осы жұмысты жүйелеп, насихатты заманауи форматта күшейтуіміз керек. Ең бастысы халықпен ашық сұхбаттасу, пәтуалар арқылы дін сауалдарға дәйекті жауап беру» деді бас имам. Сондай-ақ жиын барысында дін қызметкерлеріне биылғы жаңа талаптар мен міндеттер түсіндіріліп, жамағатпен жұмыс жүргізуде бірізділік пен жауапкершілікті арттыру қажеттігі айтылды. Жиын соңында қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, алдағы жұмыстарды нақтылады.
Шығыс Қазақстан облыстық "Халифа Алтай" мешітінің баспасөз қызметі.