Жаңалықтар

Өскеменде Халал семинары өтті

2026-04-28 15:53

ҚМДБ-дан жарияланған "Ислам және адал қоғам" жылы аясында Өскемен қалалық "Әл-Фараби" мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шығыс Қазақстан облысы бойынша Бас имамы Думан қажы Нәдірұлы және «Халал Даму» ЖШС директоры Айбек Асқарбекұлының қатысуымен имамдарға арналған «Халал – аманат пен адалдық жолы» тақырыбында семинар өтті.


Аталған іс-шарада халал стандарттарын сақтау, адал табыс табу, қоғамдағы сенім мен жауапкершілікті нығайту мәселелері кеңінен талқыланды.


Семинар барысында Бас имам Думан қажы Нәдірұлы халал ұғымының маңызды қағида екенін атап өтіп,

«Халал бұл мұсылманның өмір сүру салты, оның жүріс-тұрысы, табысы, қарым-қатынасыдеген кең ұғым. Аманатқа қиянат жасамау, адал еңбек ету дініміздің негізгі тіректерінің бірі. Сондықтан әрбір имам халал туралы халыққа дұрыс насихат жеткізіп, үлгі болуы тиіс» деп атап өтті.


Сонымен қатар, «Халал Даму» ЖШС директоры А.Асқарбекұлы:

«Бүгінде халал саласы тек діни талап емес, бұл сапа мен қауіпсіздіктің белгісі. Халал сертификаты бар өнімдерге деген сұраныс күннен күнге артып келеді. Имамдар да бұл бағытта түсіндіру жұмыстарын күшейтуі қажет» деп айырықша атап өтті.


Семинар барысында қатысушыларға халал стандарттарының талаптары, сертификаттау тәртібі және күнделікті қызметте кездесетін өзекті мәселелер бойынша нақты түсіндірмелер берілді.


Шығыс Қазақстан облыстық "Халифа Алтай" мешітінің баспасөз қызметі.