ЖАНТ бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің ұстазы Қонысбек Манарбек және Ұлан ауданы «Мұса баба» мешітінің ұстазы Аманкелді Қалымов Зайсан және Тарбағатай аудандарының имамдарынан біліктілік емтиханын алды.
Сынақ барысында имамдардың Құран оқу, ақида, фиқһ, уағыз айту және діни рәсімдерді орындау бағыттарындағы білімдері тексерілді.
Шараның басты мақсаты өңір имамдарының діни білімін жетілдіру, діни қызмет сапасын арттыру және насихат жұмысында бірізділікті қамтамасыз ету болды.
Емтихан нәтижесінде ұстаздар имамдарға әдістемелік кеңестер беріп, діни-ағартушылық бағыттағы тәжірибелерін бөлісті.
Жергілікті имамдар мұндай іс-шаралардың өз кәсіби деңгейлерін арттыруға үлкен ықпал ететінін атап өтті.
Емтиханнан соң имамдарға біліктілік сертификаты табысталды.
Шығыс Қазақстан облыстық “Халифа Алтай” мешітінің баспасөз қызметі.