Мәуліт мерекесіне орай Өскемен қалалық «Әл-Фараби» мешітінің ұйымдастыруымен Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірбаянына арналған «Сира Quiz» интеллектуалды сайысы өтті.
Сайыс төрт турдан тұрды. Әр турда Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өмірінің әр кезеңінен алынған қызықты әрі ойландыратын сұрақтар қойылды. Қатысушылар білімдері мен тапқырлықтарын көрсетіп, өзара тартысты ойын өрбітті.
Нәтижесінде:
«Райян» тобы – 1-орын,
«Кеңгір-Тұра» тобы – 2-орын,
«Тұран» тобы – 3-орын иеленді.
Жеңімпаздар мен қатысушылар арнайы марапатталып, Мәуліт мерекесіне орай дастархан жайылды. Сондай-ақ мешіт ұстаздары өнегелі насихат айтып, жиналған жамағатқа рухани әсерлі кеш сыйлады.