ҚМДБ ШҚО өкілдігінің бастамасымен Өскемен қалалық «Әл-Фараби» мешітінде «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабы бойныша семинар өтті. Семинарға қалалық және облыстық мешітітң қызметкерлері қатысты. Шараны өкілдіктің дін мен дәстүр бағытына жауапты ШҚО «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Ербол Саргелов жүргізді.
Жиында дін мен дәстүрдің өзара сабақтасығы сараланды. Сонымен қатар қазақ даласындағы Исламның таралуы жайлы деректер таныстырылды.
Е.Саргелов өз сөзінде: «Дәстүрлі Ислам біздің руханиятымыздың негізгі арқауы. Ғасырлар бойы бабаларымыз дәстүрлі Исламды ұлықтап, тағылымды ғибратын ұрпақтан ұрпаққа насихаттап келген. Діни танымның көкжиегін кеңейту үшін қазақ даласындағы Ислам мектебінің қалыптасу кезеңдеріне үңілу керек. Біздің мақсатымыз жамағатқа және жастарға асыл дініміздің тарихын ұлттық құндылықтарымен үйлестіре отырып насихаттау» деп ерекше атап өтіп, дін мен дәстүрдің өзара үйлесімділігі жайлы сөз қозғады.
Басқосуда дін мен дәстүр бағытында атқарылған іс-шаралар қорытындыланып, алдағы мақсаттар белгіленді.