Жаңалықтар

Спорт-саулық кепілі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жариялаған «Ислам және адал қоғам жылы» аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шығыс Қазақстан облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен өңірдің дін қызметкерлері арасында үстел теннисінен жарыс өтті.

Спорттық шара Теннис орталығы базасында жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оған өңір имамдары белсенді қатысты.

Жарыс барысында қатысушылар өзара бақ сынасып, шеберліктерін көрсетті. Нәтижесінде үздік ойын өрнегін көрсеткен жүлдегерлер арнайы марапаттарға ие болды.

Шара барысында ҚМДБ-сы Шығыс Қазақстан облысының Бас имамы Думан Нәдірұлы сөз сөйлеп, мұндай спорттық іс-шаралардың дін қызметкерлері арасындағы бірлік пен ынтымақты нығайтудағы маңызын атап өтті. Сонымен қатар ол Теннис орталығы ұжымына алғыс білдірді.

Шығыс Қазақстан облыстық Халифа Алтай мешіті баспасөз қызметі.

Made on
Tilda